Ресей Венесуэла тақырыбында АҚШ-қа ескерту жасады
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және АҚШ-тық әріптесі Майк Помпео телефонмен әңгімелесті.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тық әріптесі Майк Помпеомен телефон әңгімесінде Венесуэланың ішкі істеріне бағытталған операциялар тақырыбында ескерту жасады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Сыртқы істер министрі Лавров пен АҚШ-тық әріптесі Помпео Венесуэладағы соңғы жаңалықтарды бағалады.
Ресейдің БҰҰ алдында тақырыпты талқылауға дайын екендерін атап айтқан Лавров АҚШ-тың Венесуэлаға бағытталған санкцияларды арттыруға бағытталған жоспарларды сынға алды.
Лавров әскери қадамдарға қоса Венесуэланың ішкі істеріне араласпауы тақырыбында АҚШ-қа ескерту жасады.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигрант қаза тапты
Осы жылдың басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигранттың қайтыс болғаны хабарланды.