Мешітті бомбалады

ДАИШ-ке қарсы коалиция Сирияда Дейризордың Багоз елді мекенінде бір мешітті бомбалады.

Мешітті бомбалады

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы ДАИШ-ке қарсы коалиция Сирияда Дейризордың Багоз елді мекенінде бір мешітті бомбалады.

Оқиға ДАИШ-ке қарсы коалицияның Сирия Демократиялық күштері деген есімді қолданған террорлық ұйымның операциясына қолдау мақсатты ұйымдастырылған әуе операциясында болды.

Коалиция хабарламасында: «Біріккен Міндет күші СДК-не қолдау мақсатты 11 ақпан күні Багоз Фавканиде бұдан бұрын мешіт ретінде қолданылған ДАИШ басқару орталығын бомбалады» деп айтылды.

Хабарламада мешітті ДАИШ террорлық ұйымы қолданғандықтан «Қорғауға алынған ғимараттар» мәртебесінен айрылып қалғаны алға тартылды. Ал бомбалауда жан шығыны болып болмағаны жөнінде мәлімет берілмеді.

Айырықша жергілікті хабар көздерінен алынған мәліметке қарағанда,  коалицияның Багоз елді мекенінде қоршауға алынған содырларға бағытталып кеше ұйымдастырған шабуылында 50 адам қаза тапты.  Қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар.

Америка Құрама Штаттары мен Франция қолдау беріп отырған YPG/PKK террорлық ұйымы 2018 жылдың 11 қыркүйек күнінен бері ДАИШ-ты Дейризордан тазалау үшін шабуылдар жасап келеді. Тап қазір ДАИШ содырлары Дейризордың ауылдық жерлерінде тек Багозда ғана бар.

Дейризорда Евфрат өзенінің батысындағы аймақта болса Асад күштері орналасқан.
 



Ұқсас жаңалықтар