Хасан Рухани АҚШ-пен келіссөзге дайын екенін айтты

Хасан Рухани АҚШ-тың елінің экономикасына бағыттаған шектемелерінің халыққа қысым қалыптастырғанын білдірді.

Хасан Рухани АҚШ-пен келіссөзге дайын екенін айтты

Иран президенті Хасан Рухани Америка Құрама Штаттарымен өзара құрмет аясында келіссөз өткізуге дайын екендерін айтты.   

Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда, астана Тегеранда Министрлер Кабинеті жиналысында баяндама жасаған Хасан Рухани АҚШ-тың елінің экономикасына бағыттаған шектемелерінің халыққа қысым қалыптастырғанын білдірді. 

Америка Құрама Штаттарымен өзара құрмет аясында келіссөз өткізуге дайын екендерін тілге тиек еткен Рухани:

"Біз диалогты қалаймыз. Егер біреулер бізбен белгілі тақырыпта кеңескісі келсе және халқымыз бен заңдарымызға құрмет көрсетсе, біз келіссөз өткіземіз" деп көрсетті.

Рухани АҚШ шектемелерінің экономикаларына зиян салғанын, алайда бұған қарамастан, бас имейтіндерін білдіріп, "Иран халқы дұшпанға бас июге дайын емес және дұшпанға мойын ұсынудың соңы жоқ. Егер АҚШ алдында алғашқы қадамда бас исек, соңына дейін бағынуымыз керек" деп көрсетті.

Иран төңкерінің 40 жылдығына да тоқталған Рухани құттықтауларға кең көлемді қатысудың болуы халықтың АҚШ-тың әсерінде қалмағанын көрсететінін атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 қаңтарда жасаған баяндамасында ядролық келісімнен шегіннен кейін Иранға жасалатын эмбарголарды бағаландырып: 

 "Олардың (Иранның) жағдайы тым тәуір емес. Бізбен келісім столына отырғысы келеді" деген болатын. 

Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Бехрам Касыми Вашингтон әкімшілігінің ядролық келісімінен шегінуінен кейін  Иранды жаңа бір келіссөзге зорлауға талпынғанын, алайда, өздерінің мұны қабыл алмайтынын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар