4500 жылдық мүсінді қайтарып алды

Голландия тарихи мүсінді Мысырға қайтарып берді.

4500 жылдық мүсінді қайтарып алды

Мысыр билігі Голландияға шамамен 30 жыл бұрын заңсыз жолдармен алып қашырылған 4 мың 500 жылдық мүсінді қайтарып алды.

Мысыр Тарихи туындылар министрлігі тарапынан жасалған жазбаша хабарламада,  Голландияда бір аукционда тұрған 4 мың 500 жылдық мүсіннің Мысырдың Голландия елшілігі тарапынан қабылдап алынғаны хабарланды.

Мысыр Сыртқы істер министрлігі 2018 жылдың наурыз айында мүсіннің Амстердамда бір аукцион залында тұрғанын естігеннен кейін Голландия органдарымен хабарласа бастады.  Голландиялық органдармен жүргізілген келіссөз нәтижесінде  мүсіннің тоқсаныншы жылдары Мысырдан заңсыз жолдармен алып қашырылғаны анықталды.

Мүсін Мысыр елшілігіне тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар