"Зымыран күшіміз империалисттерді үрейлендіреді"

Иран атомдық бомбаның формуласын білетіндерін, алайда өндірмейтіндерін білдірді.

"Зымыран күшіміз империалисттерді үрейлендіреді"

Иранда Тегеран жұма имамы Әйетуллах Ахмет Хатеми елінің атомдық бомба формуласына ие екенін, алайда аталмыш жаппай жоюшы қаруды өндіруді ойластырмағандарын алға тартты.

Иранның мемлекеттік ақпаратына негізделгенде, Хатеми Мешхедте Әзіреті Мұхаммедтің қызы Әзірет Фатманың қайтыс болған жылдығына арналған қаралы мерәсімде сөйлеген сөзінде  елінің атомдық күшіне байланысты мәлімдемелер жасады.

Хатеми Иранның  атомдық бомба формуласына ие екенін, алайда  жаппай жоюшы қару өндіруді әсте ойластырмағандарын алға тартып:

"Иран атомдық бомбаның формуласын біледі. Алайда осы жаппай жоюшы қарудан пайдалануды қаламайды. Дегенмен, ядролық энергияға ие болуды өзі үшін өміршең бір мәселе ретінде қарайды" деп көрсетті.

Хатеми Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың  Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасын тоқтатуына байланысты мәлімдемелеріне наразылық көрсетіп: "Зымыран күші Иран үшін өміршең маңызға ие. АҚШ-тың айлакерлігі Иранның атомдық күшін азайтты. Алайда ядролық келісім де аяқталды. Бұл шарттар астында Иранды қорғайтын фактор зымыран күші болып табылады. Егер бұл күш те қолымыздан алынатын болса, жарық күніміз қараңғы түнге айналады. Зымыран күшіміз империалисттерді үрейлендіреді" деді.



Ұқсас жаңалықтар