Франция Ұлттық Мәжіліс төрағасының үйіне шабуыл жасалды

Франция Ұлттық Мәжілісі төрағасы Ричард Феррандтың үйін өртеуге әрекет жасалды.

Франция Ұлттық Мәжіліс төрағасының үйіне шабуыл жасалды

Ричард Ферранд жасаған мәлімдемеде қорқытулардың енді шектен шыққанын атап, жұбайы мен қыздарының жағдайына алаңдағанын атап көрсетті.

Оқиғаның артынан баспасөзге сөйлеген Ферранд еліндегі жаңалықтарға тоқталып, демократияның болашағы тұрғысынан уайымдары бар екенін білдірді.

Ферранд жеке әлеуметтік парақшасынан үйінін фотосуреттерін жариялап, «Ешбір нәрсе қауіпті, жәбірлеуді және қорқытуды заңды қылалмайды» деп жазды.

Ұлттық Мәжіліс төрағалығы болса, төраға Феррандтың Мотрефф ауданындағы үйін өртеуге әрекет жасалғанын, оқиғаны Феррандтың көршісінің байқап қауіпсіздік күштеріне хабарлағанын және Феррандтың шағымданғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар