Талибан мен АҚШ Исламабадта кездеседі

Пәкістан Сыртқы істер министрі Курейши мен АҚШ өкілі Халилзад кездесті

1128851
Талибан мен АҚШ  Исламабадта кездеседі

Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан арнайы өкілі Залмай Халилзадтың Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курейшимен кездесуінде келесі кезекті Ауған Талибаны мен АҚШ кездесуінің Исламабад қаласында өткізілуіне шешім жасалды.

Жергілікті ақпарат органдарының дипломатиялық хабар көздерін негіз еткен хабарында Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курейши мен Халилзад кездесуде Пәкістанның Ауғанстанда бейбітшілік орнатуда атқаратын ролі талқыланған.

Кездесуде Талибанға келесі кезекті Ауған Талибаны мен АҚШ кездесуінің Исламабад қаласында өткізілуіне байланысты шақыру жолдануы, жиналысқа Сауд Арабиясы, Катар және Араб Біріккен Әмірліктері өкілдерінің де шақырылуы тақырыбында келісімге келінді. 

Міндетке келген қыркұйек айынан бері Пәкістанға бесінші мәрте келген Халилзадтың делегациясында АҚШ Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінен де лауазымдылар бар.

Халилзад бұрынғы зияраттарында Пәкістаннан Талибанды келіссөз үстеліне отырғызу үшін билігін қолдануын сұраған болатын.

Пәкістанның Бас министрі Имран Хан өткен айда жасаған мәлімдемесінде АҚШ пен Талибан арасында кездесу өткізуді орналастырғандарын жариялаған, екі тарап 17 желтоқсанда Катарда бас қосқан еді. 



Ұқсас жаңалықтар