Чавушоғлұ Африка елшілерімен бас қосты

Түркияның Африкамен саудасы 2018 жылы 20 миллиард долларға көтерілді

1128896
Чавушоғлұ Африка елшілерімен бас қосты

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлұның Африка елдерінің Анкарадағы өкілетті елшілерімен бас қосқан жиналыста Түркияның Африка елдерімен қарым-қатынастарында қол жеткен табыстар және 3. кезекті Түркия-Африка саммиті сияқты тақырыптар қолға алынды. 

Дирпломатиялық хабар көздерінің білдіруіне қарағанда, министр Чавушоғлұ Африка елшілерімен өткізген жұмыс жиналысында Африка елдерімен қарым-қатынастарда қол жеткен табыстар және Түркияда ұйымдастырылатын 3. кезекті Түркия-Африка саммиті процесінде Түркия мен Африка ынтымақтастығының бекемделе түсуі мақсатымен басылатын қадамдарға байланысты да көзқарас алмастырды.

Жиналыста Африка елдерінің Анкарадағы өкілетті елшілерінің Түркияның Африкаға бағытталған қызығушылығына деген ризалықтары тілге тиек етілгені білдірілді. Сонымен бірге, елшілердің Түркияның Африка Ынтымақтастық саясатының түрліше бағыттарына байланысты тұғырларын білдіргені және ұсыныстар қойғаны да атап көрсетілді.

Түркияның соңғы жылдарда Африка елдерімен қарым-қатынастарында қол жеткен табыстар арқылы Африка Ынтымақтастық және ашылу саясаты табыспен нәтижеленді. 

Сонымен бірге, Түркия сауда мөлшерінен диалог механизмдеріне, білім беру іс шараларынан экономикалық инвестицияларға дейінгі көптеген салада жылдам дамулар көрсетті. 

Түркия Африка мәселелері қаралатын ең жоғары дәрежелі платформа болып табылатын Африка Одағы тарапынан 2008 жылы стратегиялық ортақ деп жарияланды.

2008 және 2014 жылдары ұйымдастырылған Түркия - Африка саммиттері байланыстарымызды жылдамдатты. Түркияның Африкада 2002 жылы 12 өкілетті елшілігі болса, қазіргі таңда 42 өкілетті елші Африка құрлығында міндет атқаруда. Анкарадағы Африка елшіліктерінің саны да 10-нан 35-ке көбейді. 

Африка құрлығымен сауда мөлшері 2003 жылы 3.68 миллиард доллар болса, 2018 жылға келгенде 20 миллиард долларға көтеріліп, нақтылы дамудың куәсі болды.

 



Ұқсас жаңалықтар