Еуропа Одағы Ресейге ескерту жасады

Еуропа Одағы Ресейдің украиналық әскерлерді босатуын сұрады

Еуропа Одағы Ресейге ескерту жасады

Еуропа Одағы Ресей тарапынан  Керчь Бұғазында ұсталған Украина әскерлерінің жылдам және шартсыз түрде босатылуына шақыру тастады. 

Еуропа Одағы Комициясы мәлімдемешісінің жасаған мәлімдемесінде "Ресей тарапынан Керчь Бұғазында ұсталған Украинаның 24 әскерінің жылдам және шартсыз түрде босатылуын, сонымен бірге, әскерлердің заңдық өкілдерімен және консулдық лауазымдыларымен қарым-қатынастарының шектелмеуін талап етеміз" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде Еуропа Одағы Ресейдің Керчь Бұғазы мен Азов теңізінде қауіпсіз өткелді қамтамасыз етуі жөніндегі ескертуі де қайталанды.

Ресей Қаратеңіздегі Керчь Бұғазы маңында ұстап алған Украина соғыс кемелерінде міндет атқаратын 24 әскери қызметкердің түрмедегі мезгілін 24 сәуірге дейін ұзартқан болатын. 

Қараша айының соңында Қаратеңіздегі Керчь Бұғазы маңында Ресей соғыс кемелері Украина соғыс кемелеріне су айдынына сұғанақтық жасағаны сылтауымен қарумен киліккеннен кейін Украина Теңіз күштеріне қарасты үш соғыс кемесіндегі әскери қызметкерлердіі ұстаған болатын. 

Қырымда Ресей соты украиналық әскерлердің 2 ай түрмеде отыруына шешім қабылдаған, артынан әскерлер астана Мәскеудегі түрмеге жолданған еді.  



Ұқсас жаңалықтар