Иранның мұнайдан тапқан табысы төмендеді

Иранның сыртқы табысының маңызды бөлімін қалыптастыратын мұнай экспорты төмендеді.

Иранның мұнайдан тапқан табысы төмендеді

Иранның сыртқы табысының маңызды бөлімін қалыптастыратын мұнай экспорты төмендеді.

Иранмен жасалған ядролық келісімнен бір жақты шығып кеткенін білдірген Америка Құрама Штаттарының Иранның теңіз тасымалы,  қаржы және энергия саласын нысанаға алған екінші толқын санкциялары 2018 жылдың қараша айында басталды.

Осы кезден бастап Иран Ұлттық мұнай компаниясы, Иран Мұнай сауда компаниясы және Ұлттық танкер компанясына халықаралық шектемелер келтірілді. Экономикасы көбіне мұнайға сүйенетін Иранның мұнай және өнімдерінің экспортына санкция жүргізілді.

Санкциялардан бұрын күніне 2,4 миллион баррель мұнай экспорттаған Иранның саудасы 1 миллион баррельден де азайды. Елдің шикі мұнай экспорты 2018 жылдың алғашқы айларында күніне 2,4 миллион баррель болса,  бұл көрсеткіш жылдың аяғында жартылай төмендеді.

Иран мемлекеттік табысының 70 пайызын мұнай экспортынан қамдаушы еді.

Елде мұнай табысы 2018 жылы 30-35 миллиард долларға төмендеді. 2019 жылы болса мұнайдан түсетін табыс 20 миллиард долларға дейін азаяды деп болжалуда.

 



Ұқсас жаңалықтар