Дания қару сатуын тоқтатты

Дания БАӘ-не қару сатпайтын болды.

Дания қару сатуын тоқтатты

Дания Йемендегі дағдарыстағы роліне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне қару сатуын тоқтатты.

Дания Сыртқы істер министрі Андерс Самуэлсон парламентте Йемендегі соғыстың бір бөлшегі ретінде көрсетілген Біріккен Араб Әмірліктеріне қару мен әскери жабдық экспортын тоқтатқандарын білдірді.

«İnformation» газетінің хабарына қарағанда,  Дания Сыртқы істер министрлігі Полиция дирекциясына мәлімет беріп,  Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған қару және әскери жабдық экспорты лицензиясының кері алынуын сұрады.

Біріккен Араб Әмірліктері хоуситтермен соғысқан коалиция күштеріне басшылық жасаған Сауд Арабиясының одақтасы ретінде Йемендегі соғыста орын алуда.

Дания саудтық журналист Джемал Хашхаджи қастандығы және Йемендегі гуманитарлық дағдарыстағы роліне орай 2018 жылдың 22 қараша күні де Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар