Мысырда төтенше режимі тағы ұзартылды

Мысырда төтенше жағдай режимі тағы үш айға ұзартылды.

Мысырда төтенше режимі тағы ұзартылды

Мысырда төтенше жағдай режимі тағы үш айға ұзартылды.

Мысыр Мәжілісінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Мысырда төтенше жағдай режимі 7-ші рет тағы үш айға ұзартылды. Ел парламенті жексенбі, 13 қаңтар күні президент Әбдел Фаттах Ас-Сисидің тиісті жарлығын бекітті.

Мәлім етілгендей, Мысыр Араб республикасында төтенше жағдай жетінші рет ұзартылып отыр. Коммюникеге сәйкес, биліктің шешімі елдегі қауіпсіздік ахуалымен байланысты. Мысырда төтенше жағдай 2017 жылы Танта және Александрия қалаларындағы шіркеулерде болған жарылыстардан кейін енгізілді. ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алған лаңкестік актілер салдарынан 45 адам мерт болған және тағы 125-і зардап шеккен еді.



Ұқсас жаңалықтар