"Таяу Шығыс Стратегиялық одағын құрудамыз"

Помпео Дональд Трамп әкімшілігінің «Таяу Шығыс Стратегиялық одағын» құруға тырысқанын айтты.

"Таяу Шығыс Стратегиялық одағын құрудамыз"

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Таяу Шығыста Мысыр, Иордания және Шығанақ Ынтымақтастығы кеңесі елдеріне бас қостыратын «Таяу Шығыс Стратегиялық одағы» құруға тырысқандарын айтты.

Мемлекеттік сапармен Мысырда жүрген Помпео Каир Америка Университінде сөз сөйледі.

«Болашақтағы ортақ тыныштық үшін одақтастықтар құрамыз.  Аймақтың жақсы болуы үшін бұрынғы бәсекелестіктерді доғарудың уақыты келді» деді Майк Помпео.

Помпео АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің аймақтың ең үлкен қауіптерімен есептесу,  энергия және экономикалық ынтымақтастыққа қолдау беру үшін «Таяу Шығыс Стратегиялық одағын» құруға тырысқанын айтты.

«Бұл Шығанақ Ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдер,  Мысыр мен Иорданияға бас қостырады. Бүгін осы елдерден Таяу Шығыс Стратегиялық одағының (MESA) нығайтылуы үшін келесі қадамды басуларын күтеміз» деде Помпео. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Оманға ресми сапар ұйымдастырғанын еске салып,  жақын уақытқа дейін түске де енбеген жаңа қатынастардың тамыр сала бастағанын атап көрсетті.

Майк Помпео Израильдің аймақтағы әскери күшіне қолдау беруді жалғастыратындарын айтты.

Таяу Шығыс сапары шеңберінде алдынғы күні түнде Мысырға барған Помпео Каирде президент Сиси және Сыртқы істер министрі Шүкримен кездескен болатын.

Майк Помпео Иордания,  Ирак және Мысырдан кейін Сауд Арабиясы, Катар,  Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Оман және Кувейтке барады.



Ұқсас жаңалықтар