Нигерияда 30 мыңнан астам адам қоныс аударды

Нигерияда бекінген «Боко Харам» лаңкестері қарапайым халыққа тағы шабуыл жасады.

Нигерияда 30 мыңнан астам адам қоныс аударды

Нигерияда бекінген «Боко Харам» лаңкестері қарапайым халыққа тағы шабуыл жасады.

Батыс Африка елі Нигерияның шығысындағы террор ұйымы «Боко Харам» тобының шабуылдары кесірінен он мыңдаған адам қоныс аударды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық көмек координаторы Эдвард Каллон соңғы кездерде Борно провинциясында ұйымның аяусыз шабуылы кесірінен 30 мыңнан астам адамның үйлерін тастап, қоныс аударуға мәжбүр болғанын білдірді.

Ұйымның екі әскери базаны басып алғанын баяндаған Каллон «Соңғы кезеңде Боко Харамның аяусыз шабуылы салдарынан 30 мыңнан астам адам қоныс аударды» деді.

Каллон қоныс аударған халықтың азық-түлікке, ауыз суға және тазалық бұйымдарына мұқтаж болғанын айтты.

Еске сала кетейік, радикалды бағытты ұстанған «Боко Харам» тобы батыстық білім беру жүйесіне қарсы. Олар аймақта шариғат ережелерін енгізуді көздейді. Құқық қорғау ұйымдарының дерегі бойынша, соңғы сегіз жыл ішінде лаңкестердің шабуылынан 20 мыңға жуық адам мерт болды.



Ұқсас жаңалықтар