Мадуро ант ішті

Түркия атынан рәсімге президенттің орынбасары қатысты.

Мадуро ант ішті

Венесуэлада 20 мамыр күнгі президенттік сайлаудан жеңіспен шыққан Николас Мадуро Каракастағы Жоғары Әділет сотындағы рәсімде ант ішті.

Сайлаудан 68 пайыз дауыс жинап жеңіп шыққан және елін 2025 жылға дейін басқаратын Мадуроның ұлықтау рәсіміне Түркия атынан президенттің орынбасары Фуат Октай қатысты.

Рәсімге Боливия мемлекет басшысы, Куба басшысы және 90-нан астам елдің түрлі деңгейдегі өкілі келді.

Сайлауда Мадуро 8 миллионнан астам дауыстың 6 миллионын алған еді.



Ұқсас жаңалықтар