"Келісімдерді жылдам орындау керек"

Экономика координация жоғары кеңесі президент Хасан Руханидің басшылығында Тегеранда бас қосты.

"Келісімдерді жылдам орындау керек"

Иран көрші елдермен жасалған экономикалық ынтымақтастық келісімдерінің жылдам орындалуы керектігін атап көрсетті.

Иран президенттік аппараттының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда,  Экономика координация жоғары кеңесі президент Хасан Руханидің басшылығында Тегеранда бас қосты.

Жиналысқа Мәжіліс төрағасы Али Ларижани, Сот билігінің төрағасы Садык Ларижани,  президенттің орынбасары Исак Джихангири,  Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Рыза Рахмани және Орталық банк төрағасы Абдуннасыр Химмети қатысты.

Жиналыста көрші елдермен экономикалық ынтымақтастықтар, импорт-экспорт және ортақ инвестиция секілді тақырыптардағы келісімдердің іске асырылуы қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар