"Иранға қысымды екі есе арттырамыз"

Помпео 7 елді қамтитын Таяу Шығыс сапарының алғашқы аялдамасы Иорданияда әріптесі Айман Сафадимен кездесті.

"Иранға қысымды екі есе арттырамыз"

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранға бағытталған қысымдарды дипломатиялық және сауда саласында екі есе арттыратындарын айтты.

Помпео 7 елді қамтитын Таяу Шығыс сапарының алғашқы аялдамасы Иорданияның бас қаласы Амманда әріптесі Айман Сафадимен кездесті.

Иорданияның Америка Құрама Штаттары үшін аймақтық стратегиялық серік екенін атап көрсеткен Помпео Сирия дағдарысының бейбіт жолмен шешілуі үшін Амманның маңызды рол ойнағанын,  елінің де Иорданияның ішкі тұрақтылығына деген беріктігін қайталады.

Помпео сапары қарсаңында жасаған мәлімдемелерін қайталап: «Иордания секілді Америка Құрама Штаттарының одақтастары Иранның аймақ үшін қалыптастырған рискі тақырыбында бірдей ойда. Президенттің әскерді Сириядан әкету жөніндегі шешімі осы рисктерді (Иран мен ДАИШ) жою тақырыбындағы табандылығымызға әсер етпейді» деді.

Америка Құрама Штаттарының Ираннан «қалыпты» бір ел болуын сұрайтынын айтқан Помпео «Иранға бағытталған қысымды тек дипломатиялық емес, сауда саласында да екі есе арттырамыз» деді.

Иордания Сыртқы істер министрі Сафади де АҚШ-тық әріптесінің еліне «дәл уақытында»  маңызды сапар ұйымдастырғанына назар аударды.  Ол Помпеомен аймаққа қатысты тақырыптарда кеңінен әңгімелескендерін айтты.

Палестина мен Израиль проблемасын жан-жақты талқылағандарын атап көрсеткен Сафади тараптар арасындағы келіссөздерінің тоқтап қалуының қауіпті жағдай екенін және саяси шешімдер үшін көкжиекті көру керектігін айтты.

Сирияның бірлік пен тұрақтылығын қорғайтын саяси шешім жолдарын да талқылағандарын білдірген Иордания Сыртқы істер министрі Америка Құрама Штаттарының Сириядан кетуі тақырыбында болса қарсы жақтан Иордания шекарасының қорғалуы кепілдігін бекіткендерін тілге тиек етті.

Иордания Сыртқы істер министрі Сафади Тегеран әкімшілігінің қысым саясаттарын шектеуі және елдердің егемендіктеріне құрмет көрсетуі керектігін баса айтты.

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Помпео Таяу Шығыс сапары аясында Иорданиядан кейін Мысыр, Бахрейн, Катар, Сауд Арабиясы,  Оман және Кувейтке барады.



Ұқсас жаңалықтар