Сирия Атазаң комитетінің тізімі дайын

Бұл туралы Сергей Лавров мәлім етті.

Сирия Атазаң комитетінің тізімі дайын

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей, Түркия және Иранның көмегімен Сирия әкімшілігі және оааозиция жұмыстанған Атазаң комитеті тізімінің жалпы дайын екенін білдірді.

Лавров Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 39-шы сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін хабарлама жасап,  Сириядағы Атазаң комитетін қалыптастыру істері жөнінде мәлімет берді.

«Ресей, Түркия және Иранның көмегімен Сирия әкімшілігі және оппозиция жұмыстанған Атазаң комитеті тізімінің дайын екені жөнінде келісім бар» деген Лавров Сирия тарааынан тізімнің БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стеффан де Мистураға тапсырылатынын білдірді.

Лавров Ресейдің 2019 жылдың басында Сирия Атазаң комитетінің Женевада бас қосатынына сенетінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар