Теміржол қызметкерлері ереуілге шықты

Кейбір қалаларда барлық рейстер тоқтатылды.

1104023
Теміржол қызметкерлері ереуілге шықты

Германияда теміржолы қызметкерлері жаңа жылдық мереке қарсаңында 4 сағаттық «ескерту» ереуіліне шықты.

Олар жалақының арттырылуына байланысты талаптарын неміс теміржолдары компаниясы Deutsche Bahn (DB) тарапынан қамдалмағаннан кейін бүгін жергілікті уақытпен сағат 05 - 09 арасында ел көлемінде ереуілге шықты.

Ереуіл барысында ұзын қашықтықтағы пойыз рейстері тоқтатылды,  ереуіл аймақтық пойыз рейстеріне де әсер етті.

Кейбір қалаларда барлық рейстер тоқтатылды.

Таңғы уақытта миллиондаған адам басқа қоғамдық көліктерге жетісуге тырысты.  

Теміржолы қызметкерлері кәсіподағы (EVG) 160 мың жұмысшы атынан хабарлама жариялап, келіссөз барысында жалақының арттырылуы талабынан нәтиже шықпағандықтан,  «ескерту» ереуілі ұйымдастырылғанын білдірді.

36 мың жұмысшының өкілі Машинисттер кәсіподағы (GDL) да сейсенбі күні Теміржолдар компаниясымен кездеседі.

EVG теміржолы жұмысшыларының жалақысының шамамен 7 пайыз арттырылуын талап етуде. Компания болса 5,1 пайыз арттырып,  бір мәрте 500 евро беруді ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар