Израиль әскерінің шабуылында 33 адам жарақат алды

Израиль әскерлері Газа секторы шекарасында ұйымдастырылған бейбітшіл «Ұлы көш шеруіне» қатысқандарға оқ жаудырды.

Израиль әскерінің шабуылында 33 адам жарақат алды

Шабуылда 33 палестиналық жарақат алды.

Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде Израиль әскерлерінің Газа секторында шеруге шыққан палестиналықтарға қарулы шабуылы нәтижесінде 33 адам жарақат алғаны білдірілді.

Палестиналықтар 30 наурыз күнінен бастап, қоршау астындағы Газа секторының Израиль шекарасында «Ұлы көш шеруі» атымен бейбітшіл шерулер ұйымдастыруда.



Ұқсас жаңалықтар