Франциядағы шеру алдында 481 адам тергеуге алынды

Францияның бас қаласы Парижде «сары күртешелер» қозғалысының шеруінде 481 адам тергеуге алынды.

1102941
Франциядағы шеру алдында 481 адам тергеуге алынды

Франция баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда «сары күртешелер» Парижден бастап, ел көлемінде жанармай бағалары мен нашарлаған экономикалық жағдайды протест етуде.

Өткен аптадағы қақтығыстардың қайталанбауы үшін ауқымды қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Ел көлемінде 89 мың полиция тағайындалды. Парижді болса 8 мың полиция мен 12 сауытты көлік қорғайды.

Ереуілшілер Париждің символдарының бірі Champs-Elysees даңғылына жинала бастады.

Полиция ереуілшілерді тексеріп даңғылға кірулеріне рұқсат беруде.

«Сары күртешелер» қозғалысы Парижде ұйымдастыратын шеруі алдында 481 адам түсініктемесін алу үшін полиция орталығына апарылып, 211 адам тұтқындалды алынды.

Тергеуге алынған адамдар тексерілген кезде үстеріне жасырған балға мен тастар табылды.



Ұқсас жаңалықтар