Армения соты бұрынғы президент Кочарянды тұтқындауға шешім қабылдады

Армения соты Роберт Кочарянның 2008 жылы 10 адам қаза тапқан оқиғаға қатысы болғаны себепті тұтқындауға шешім қабылдады.

Армения соты бұрынғы президент Кочарянды тұтқындауға шешім қабылдады

Арменияда сот бұрынғы Армения президенті Роберт Кочарянның 2008 жылы ұйымдастырылған протест шеруі кезінде шыққан және 10 адамның өліміне жол ашқан оқиғаға қатысы болғаны себепті тұтқындауға шешім қабылдады.

Армения Арнайы тергеу бюросы 2008 жылы атазаң тәртібін бұзу айыбымен алдын алушы шара ретінде 1998-2008 жылдар арасында Арменияда президенттік міндет атқарған Кочарянның тұтқындалуы мақсатты сотқа шағымданған болатын.

Кочарян айыптауларды қабылдамаған және өзіне саяси қысым жасалғанын алға тартқан болатын.

«Атазаң тәртібін бұзу» айыбымен Кочарян туралы Ереван Жалпы құқықтық сот тарапынан шілде айында тұтқындауға шешім қабылданып, кейін кепілдікпен босатылған болатын.

Арменияда 2008 жылы болып өткен президенттік сайлауға наразылық себепті шерулер ұйымдастырылған 2008 жылы 1 наурыз күні шыққан оқиғаларда 2 полиция барлығы 10 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар