Могерини Лавровпен кездесті

Могерини Ресей сыртқы істер министрі Лавров және Украина сыртқы істер министрі Климкинмен кездесті.

Могерини Лавровпен кездесті

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини Ресей және Украина арасында Азов теңізіндегі дағдарыс жалғасқан кезде екі елдің сыртқы істер министрлерімен кездесті.

Италияның Милан қаласында ұйымдастырылған Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы министрлер кеңесіне қатысқан Могерини Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Украина сыртқы істер министрі Павло Климкинмен кездесті.

Кездесулерге байланысты Могеринидің офисінен жасалған жазбаша мәлімдемесіне қарағанда мәртебелі өкіл Лавровпен кездесуінде Ресейдің аймақтағы әскерлерін көбейту талпыныстарының қабылдауға болмайтыны түсіндірілді.

Азов теңізіндегі дағдарысқа орай  Ресейге Украинаға тиесілі кемесі мен экипаждарының еркін қоя берілуі жөнінде үндеу тастаған Могерини сонымен қатар Лавровпен бірге  орта қашықтыққа ататын ядролық қарулар келісімін де қолға алды.

Могероини Лавровпен кездесу барысында Сирия тақырыбын күн тәртіпке әкеліп, атазаң комитеті жиналысының осы жылдың аяғынан бұрын жасалуы керектігін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар