"Канада үкіметінің қатысы жоқ" деді

Трюдо үкіметінің Huawei компаниясының бас қаржы директоры Менг Ванжуды тұтқындауда еш ролінің жоқтығын айтты.

"Канада үкіметінің қатысы жоқ" деді

Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо үкіметінің Huawei компаниясының бас қаржы директоры Менг Ванжуды тұтқындауда еш ролінің жоқтығын айтты.

Трюдо Монреальдағы журналистерге берген сұхбатында, Ванкуверде ұшақ ауыстыру барысында ұсталған Менгке байланысты құқықтық үрдістің  саясатқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Трюдодың мәлімдемесі Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасында қысқа уақыт бұрын басталған бітім үшін рикс қалыптастыратын,  сауда соғысын қайта алаулататын оқиға мен Канада үкіметі арасында ара қашықтық қою ынтасы деп қаралды.

Канаданың Әділет министрлігі Huawei компаниясының меншік иесі Рин Сингфайдың қызы және компанияның қаржы директоры Менгтің 1 желтоқсан күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзғаны үшін Ванкуверде ұсталғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар