Алжирде 11 зымыран табылды

Алжир Мали шекарасынан 11 зымыранды қолға түсірген

Алжирде 11 зымыран табылды

 

Алжир Мали шекарасындағы бір елдімекенде құрлықтан әуеге атылатын 11 дана зымыран қолға түсірілгенін жариялады.

Алжир Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде армия күштері Мали шекарасындағы Бурж Баси Мухтар аймағында 57 миллиметр үлкендіктегі, құрлықтан әуеге атылатын 11 дана зымыранды қолға түсіргендері білдірілді.

Мәлімдемеде аталмыш тақырыптың мазмұны айтылмады. Алжир армиясының өткен жылдарда оңтүстік шекарадан елге қару кіргізуге ұмтылған топтарды тосқаны атап өтілді.

Алжир соңғы жылдарда террористік топтардың еліне кіруіне және қару кіргізуіне кедергі болу мақсатымен оңтүстік аймақтарда Мали және Нигер, шығыс аймақтарда Тунис және Ливия шекараларына көп санды әскери жасақтарды орналастырған болатын. 


Этикеттер: зымыран , Мали , Алжир

Ұқсас жаңалықтар