Солтүстік Кипр Түрік Республикасында сел жан алды

Гирнеде селге аққан көліктен 3 мәйіт шығарылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында сел жан алды

 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында дауылды боран мен нөсерлі жаңбыр себеп болған сел апатында 3 адам қаза тапты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында екі күннен бері жалғасып жатқан дауылды боран мен нөсерлі жаңбырдың салдарынан болған сел апатында көптеген үй, жұмыс орны және көліктер зақымдалды.

Түнде Никосия - Гирне автожолында кетіп бара жатқанда сел суына ағып барып Доғанкөй өзеніне  құлаған бір көліктен 3 адамның мәйіті шығарылды.

Жоғалып кеткен адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан Гирнеде қонақүйде қамалып қалған туристер өрт сөндіру көліктерінің көмегімен құтқарылды.

Метеорология Директорлығы дауылды боран мен жауынның бүгін түнде артатынын білдіріп, халықты сақтануға шақырды.

Мектептерге бүгін демалыс берілді.


Этикеттер: АПАТ , СЕЛ , СКТР

Ұқсас жаңалықтар