АҚШ-та бір түрік іскері жүлде алды

Түрік іскері Озан Баран АҚШ-тың Майами қаласында «ең үздік іскер» жүлдесіне ие болды.

АҚШ-та бір түрік іскері жүлде алды

Түрік іскері Озан Баран Америка Құрама Штаттарының Майами қаласында «ең үздік іскер» жүлдесіне ие болды.

Америка Құрама Штаттарының Майами қаласында  «Майами Miami Synchronicity 2018 жылғы үздік іскерлер жүлдесі» рәсімі болып өтті. Рәсімге 300 қонақ қатысты.

Жүлденің символы болған алтын кілтті Баранға Майами Даде аймағы қала әкімі Карлос Гименез тапсырып берді.

Карлос Гименез сөйлеген сөзінде «Майами  Synchronicity 2018 жылғы үздік іскерлер жүлдесін тұңғыш бір түрік және мұсылман алды. Сізді және командаңызды құттықтаймын, табыстардың жалғасты болуын тілеймін» деді.

Рәсімге Түркияның Майами Бас консулы Бурч Жейлан мен Озан Баранның жұбайы Сүрейя Ялчын Баран да қатысты.

Озан Баран 1999 жылы АҚШ-ға барғанын, 2005 жылы тасымалдау фирмасын құрғанын айтты.


Этикеттер: іскер , Майами , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар