Македонияның бұрынғы премьер-министрі Венгриядан саяси баспана сұрады

Македонияның бұрынғы премьер-министрлерінің бірі Никола Груевски Венгриядан саяси баспана сұрады.

Македонияның бұрынғы премьер-министрі Венгриядан саяси баспана сұрады

2006-2016 жылдары арасында премьер-министрлік міндетін атқарған Груевски әлеуметтік медиада жеке Facebook парақшасынан соңғы кездері өліммен қорқытулардың артқанын атап көрсетті.

Груевски мәлімдемесінде «Мен қазір Бухаресте тұрамын. Венгрия үкіметінен саяси баспана талап еттім» деп жазды.

Македон саясат қайраткері Македония күресіне бағынышты екенін және бас тартпайтынын білдірді.

Груевски премьер-министрлігі кезінде шамамен 600 мың евро құнындағы люкс автокөлікті заңсыз сатып алғаны себепті мамыр айында айыпталып, 2 жылға сотталған болатын.

Шешімді аппеляциялық сотқа апарған Груевскидің наразылығы қабылданбаған және 2 жылға соттау шешімі бекітілген еді.



Ұқсас жаңалықтар