Джон Болтон Кашыкчы қастандығымен байланысты мәлімдеді

Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Түркия бөліскен үн таспаны тыңдағанын Сауд Арабиясы ханзадасына қатысты күдік байқамағандарын алға тартты.

1087666
Джон Болтон Кашыкчы қастандығымен байланысты мәлімдеді

Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон сауд текті журналист Джемал Кашыкчының өлтірілуімен байланысты үн таспаларды тыңдағандарын атап көрсетті.

Болтон Сауд Арабиясы ханзадасы Мұхаммед ибн Селманның оқиғаға қатысы бар екенін көрсеткен кезкелген дәлел жоқ екенін алға тартты.

33-ші Оңтүстік-шығыс Азия елдері ассоциациясы (ASEAN) саммиті аясында Сингапурға барған Болтон осында журналисттерге мәлімдемеде жасап, үн таспаларды тыңдағаның Сауд Арабиясы ханзадасының оқиғаға қатысы бар екенін ойламағанын алға тартты.

Болтон АҚШ президенті Дональд Трамптың Кашыкчы өлтірілген 2 қазан күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы Бас консулдығында не болғанымен байланысты шындықты үйренгісі келгенін атап, «Үн таспаны өзімде тыңдадым, бірақ тыңдағандардың бағалауынша кезкелген күдікпен қастандыққа ханзаданың қатысы бар екеніне дәлел жоқ» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Кашыкчфы қастандығымен байланысты 10 қараша күні жасаған мәлімдемеде үн таспалардағы әңгімелердің Сауд Арабиясы, АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбританияға тыңдауға берілгенін мәлімдеген болатын.

АҚШ «The New York Times» (NYT) газеті Кашыкчы қастандығы үшін Түркияға арнайы келген 15 адамнан бірінің қастандықтан қысқа уақыт өткен соң жасаған бір телефон әңгімесі кезінде ханзада Мұхаммед ибн Селман туралы айтқысы келіп, «Бастыққа айтыңдар, адамдар жұмысын тындырды» дегенін алға тартқан болатын.

2 қазан күні заңды некеге тұру үшін қажетті құжаттарын түгелдеу мақсатты Сауд Арабиясының Стамбулдағы Бас консулдығына барған Джемал Кашыкчының бас консулдық ғимаратына кіре салып, өлтірілгені ортаға шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар