АҚШ Арабияға жаңа елші тағайындайды

Дональд Трамп Сауд Арабиясына жаңа елші тағайындауға дайындалуда.

АҚШ Арабияға жаңа елші тағайындайды

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Джемал Хашхаджи қылмысына орай сынға тартылған Сауд Арабиясына жаңа елші тағайындауға дайындалуда.

Ақ Үй Дональд Трамптың өкілетті елшілікке кандидатының АҚШ Орталық күштер қолбасшылығында көптеген жыл қызмет еткен Джон Абизаид екенін хабарлады.

Джон Абизаид – АҚШ Орталық күштер қолбасшылығында ең көп мерзім қызмет еткен офицер.

Құрметті демалысқа шыққаннан кейін кейбір үкіметтік емес ұйымдарда терроризммен күрес саласында кеңесшілік қызметін атқарған Абизаидтің өкілетті елші болуы үшін сенаттың бекітуі керек.



Ұқсас жаңалықтар