Ливия су айдынында 315 босқын құтқарылды

Ливия теңіз күзету қолбасшылығы Жерорта теңізінде 315 босқынның құтқарылғанын мәлімдеді.

Ливия су айдынында 315 босқын құтқарылды

Ливия теңіз күзету қолбасшылығы Жерорта теңізінде үрлемелі 3 қайыққа мінген 315 босқынның Еуропаға баруға тырысқан кезде құтқарылғанын жариялады.

Жерорта теңізі арқылы Еуропаға ұласуға тырысқан 275 еркек, 32 әйел және 8 баладан тұратын босқындар тергеу орталығына апарылды.

Құтқарылған босқындардың Сахара асты елдер мен Араб елдерінен келгені атап көрсетілді.

Ливия Теңіз күзету қолбасшылығы мәлімдемешісі Ayoub Qassem 116 заңсыз мигранттың бір үрлемелі қайыққа мінгенін, Завия қаласы маңында құтқарылғанын атап көрсетті.

Qassem қалған 199 босқынның болса екі үрлемелі қайыққа мінгенін және Кумс қаласы маңында құтқарылғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар