"Сирия Атазаң комитетін жылдың соңына дейін құру керек"

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Мистура Мысырдағы Бүкіләлемдік жастар форумында баяндама жасады.

1081683
"Сирия Атазаң комитетін жылдың соңына дейін құру керек"

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирияда атазаңды дайындау кезеңін жылдамдатудың елдің қайтадан қалпына келтірілуіне ықпал ететінін атап көрсетті.

Мистура Мысырдың Шарм эш-Шейх қаласындағы Бүкіләлемдік жастар форумы аясында ұйымдастырылған «Соғыс пен қақтығыстардың артынан мемлекет пен қоғамдарды қайта құру механизмдері» тақырыпты жиналыста баяндама жасады.

Сириядағы жағдайды бағалаған Де Мистура көптеген Еуроодақ елінің Сирияны қайта салуға қолдау беру ниетін білдіргенін, сириялық босқындарды асырағаннан гөрі осы ықтималды таңдайтынын болжады.

Стамбулда 27 қазан күні жүзеге асқан Сирия тақырыпты төрттік саммитте Сирияда ұзақ мерзімді бейбітшіліктің маңызына назар аударылып, жылдың соңына дейін жаңа атазаңды дайындау үшін бір комиссия құруға шақыру жасалған еді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қонақжайлығында өткен Стамбул саммитіне Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркель қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар