Қытайда әлемнің ең ұзын көпірі ашылды

Гонконгты Қытаймен жалғайтын 55 шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын көпір ашылды.

1074028
Қытайда әлемнің ең ұзын көпірі ашылды

Қытайда әлемнің ең ұзын көпірі ашылды.

Қазанның 23-і күні Гонконгты Қытаймен жалғайтын 55 шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын көпір ашылды.

Салтанатты рәсімге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Гуандун Ли Си провинциясы партком хатшысы және 700-ге жуық қонақ қатысты.

Бұл көпірді салу үшін құрылысшылар 8 жыл уақыт жұмсаған. Жобаның құны--20 миллиард доллар. Қытай мен Гонконг билігі көпірді салу кезінде оннан астам жұмысшының қаза тапқанын хабарлаған. Көпірмен тек автобустар мен коммерциялық көліктер жүреді. Жергілікті таксилердің жүруіне тыйым салынған.

 


Этикеттер: #Қытай , #Гонконг , #көпір

Ұқсас жаңалықтар