АҚШ-тың Сауд Арабиясына мұқтажы бар

АҚШ Президенті Трамп «Сауд Арабиясына мұқтажымыз бар» деді.

АҚШ-тың Сауд Арабиясына мұқтажы бар

АҚШ Президенті Трамп ««Сауд Арабиясына мұқтажымыз бар» деді.

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп мемлекетінің Орташығыс жобасында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салманның өздері үшін өте маңызды екеніне назар аударып, «Сауд Арабиясына мұқтажымыз бар» деді.

Трамп Fox TV каналында 2 қазан күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы Бас консулдығына кіргеннен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен сауд текті журналист Джемал Кашыкчы жөнінде  мәлімдеме жасап, АҚШ пен Сауд Арабиясы қарым-қатынастарына тоқталды.

Трамп АҚШ-тың Орташығыс жобасында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салманның маңыздылығына назар аударып, «Сауд Арабиясына мұқтажымыз бар» деген сөздер қолданды.

Дональд Трамп Сауд Арабиясына жасалған 115 миллиард долларлық қару-жарақ сатудың Америка халқына 500 мың жаңа жұмыс құру мүмкіндігі болатынын алға тартты.

 



Ұқсас жаңалықтар