F-35 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды

АҚШ және халықаралық серіктердің барлық F-35 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды.

F-35 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды

Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік Каролина штатында өткен аптада бір F-35B типті әскери ұшақ құлағаннан кейін АҚШ және халықаралық серіктердің барлық F-35 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды.

Ортақ шабуыл бағдарламасы баспасөз хатшысы Джо Деллаведова: «Барлық F-35 ұшақтарының жағармай құбырларындағы тексеру жүріп жатыр.  АҚШ Күштері мен халықаралық серіктер ұшақтарды ұшыруды уақытша тоқтатты» деді.

Деллаведова шешімнің 28 қыркүйек күні құлаған ұшақтың жалғасып жатқан тексеруінде қолға тиген алғашқы деректер бойынша берілгенін білдірді.

«Ақауы бар жағармай құбырлары қондырылған ұшақтардың сол бөлшегі ауыстырылады. Ақауы жоқ құбыр тағылған ұшақтар ұшуды жалғастырады. Тексеру алдымыздағы 24-48 сағат ішінде аяқталып қалады» деді ол.

28 қыркүйек күні АҚШ Теңіз күштерінің базасынан көтерілген бір F-35B ұшағы базаға 8 км қашықтықта құлаған болатын.

Бұл F-35 ұшақтарының алғашқы апаты ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар