АҚШ инспектор жібермепті

АҚШ Кашыкчының жоғалып кетуіне байланысты инспектор жібермегенін білдірді.

1067189
АҚШ инспектор жібермепті

Америка Құрама Штаттарының сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалып кетуіне байланысты инспектор жіберілгені жөніндегі қауесеттердің дұрыс емес екені білдірілді.

Дипломатиялық қайнар көздер «Кашыкчы оқиғасымен байланысты АҚШ тарапынан инспектор жіберілгені туралы мағлұмат жалған» деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2 қазанда Стамбулдағы   Сауд Арабиясы Бас консулдығына кірген соң із-түссіз жоғалған сауд текті журналист Джемал Кашыксы туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Трамп мәлімдемесінде «Ол жерде инспекторымыз бар. Түркия және Сауд Арабиясымен бірге жұмыс істеудеміз. Оқиғаны жарыққа шығаруымыз керек» деген еді.

Америка Fox теледидар каналына сұхбат берген Трамп осы тақырыпты мұқиятты қадағалап отырғанын, сондай-ақ Түркия және Сауд Арабиясымен бірге жұмыс істегендерін айтқан болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар