Трамп Кашыкчымен байланысты мәлімдеме жасады

Трамп журналист Кашыкчы тақырыбында Түркиямен ынтымақтастық ішінде екенін білдірді.

Трамп Кашыкчымен байланысты мәлімдеме жасады

Трамп журналист Кашыкчы тақырыбында Түркиямен ынтымақтастық ішінде екенін білдірді. 

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп сауд текті журналист Джемал Кашыкчы тақырыбында Түркиямен ынтымақтастық ішінде екенін білдірді.  

Дональд Трамп сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты мәлімдеме жасады.

Дональд Трамп 2 қазанда Стамбулдағы   Сауд Арабиясы Бас консулдығына кірген соң із-түссіз жоғалған «Washington Post» газетінің тілшісі сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты Сауд Арабиясының жоғарғы лидерімен кездескенін білдірді.  Трамп «Бұл өте жаман жағдай» деген сөздер қолданып, Сауд Арабиясы лауазым иелерінен жауап күткендерін атап өтті.

Дональд Трамп журналист Джемал Кашыкчы тақырыбының өздері үшін «өте маңызды бір мәселе» екенін баяндады.  

Трамп Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты тергеу жүргізілуі керектігін түсіндіріп, сауд текті журналисттің Стамбулдағы   Сауд  Арабиясы Бас консулдығына кірген соң із-түссіз жоғалып кеткенін айтты.

Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты Түркиямен ынтымақтастық ішінде жұмыс істегендерін мәлімдеген Трамп осы мәселені мұқиятта қадағалап отырғанын баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар