Иракта полиция мінген автобусқа бомбалы шабуыл

Шабуылда 1 полиция, барлығы 2 адам қаза тапты, 15 полиция қызметкері де жарақат алды.

1052326
Иракта полиция мінген автобусқа бомбалы шабуыл

Жүзбасы Хамид әл-Убейди Киркук-Бағдат арасындағы трассаға ДАИШ террор ұйымы тарапынан орналастырылған бомбаның полиция автобусы өтіп бара жатқанда жарылғанын атап көрсетті.

Убейді жарылыстың салдарынан 1 полиция мен жолдан өтіп бара жатқан бір жазықсыз адамның қаза тапқанын, 15 полиция қызметкерінің де жарақат алғанын білдірді.

Иракта қауіпсіздік күштері тарапынан «өлім үшбұрышы» деп аталған Киркук-Салахаддин-Дияла уәлаяттары арасында террор ұйымы ДАИШ жазықсыз адамдар мен қауіпсіздік күштеріне жиі шабуылдауда.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылы желтоқсан айында ДАИШ террор ұйымының Ирактағы әскери болмысының жойылғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар