АҚШ ризашылық білдірді

Сирияда қақтығысты бәсеңдететін барлық шынайы бастамаға риза болатындарын білдірді.

1051560
АҚШ ризашылық білдірді

Америка Құрама Штаттары Сирияда қақтығысты бәсеңдететін барлық шынайы бастамаға риза болатындарын білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен бір хатшы Идлиб аймағы тақырыбында Түркия мен Ресей арасында келісілген келісім жөнінде пікір білдірді.

Аты-жөнінің жариялануын қаламаған хатшы түрік және орыс үкіметтері арасындағы келіссөзге АҚШ-тың қосылмағанын айтты.  «Түркия мен Ресейдің Асад әкімшілігі мен одақтастарының Идлибке әскери шабуылының алдын алуға бағытталған қадам басқанын көріп, батылдандық.  Сирияда қақтығысты бәсеңдететін барлық шынайы бастамаға ризашылық білдіреміз. Идлибтегі қақтығыссыздық түбегейлі болады деп үміттенеміз» деді ол.

Ол Асад әкімшілігінің Идлибке бағытталған болуы мүмкін шабуылының әрі қалада,  әрі аймақта үлкен шығынға жол ашатынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар