Нигериядағы шабуылда 11 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-батысында ұйымдастырылған шабуылда 11 адам қаза тапты.

1049565
Нигериядағы шабуылда 11 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-батысында ұйымдастырылған шабуылда 11 адам қаза тапты.

Ұлттық баспасөздерден шыққан хабарларға қарағанда Замфара провинциясына қарасты Бадарава ауылында куәлігі белгісіз бір адам кино залына бара жатқан топтарға оқ жаудырды.

Шабуылда 11 адамның қаза тапқаны, 20-дан көп адамның да жарақат алғаны білдірілді.

Жарақат алғандардың емделіп жатқаны, оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарының басталғаны хабарланды.

Қаңтар айынан осы таңға дейін провинцияда ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда мөлшермен 400 адам көз жұмды және мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр қалды.


Этикеттер: #Нигерия , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар