АҚШ-тың әлемдегі ықпалы азая бастады

БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш ««АҚШ-тың әлемдегі күші азаюда» деді.

АҚШ-тың әлемдегі ықпалы азая бастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Америка Құрама Штаттарының әлемдегі ықпалының азая бастағанын білдірді.

Гутерреш «The Atlantic» журналына жасаған мәлімдемесінде «АҚШ-тың әлемдегі күші азаюда» деген сөздер қолданды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытаймен болған «сауда соғысына» сілтеме жасаған Гутерреш «АҚШ сауда және бірқатар мәселелермен арпалысуда. Америка Құрама Штаттарының әлемдегі ықпалы азая бастады» деді.

Бас хатшы Гутерреш «Әлем бөлшектенуде. Қырғи қабақ соғыстан осы таңға дейін АҚШ басшылығындағы жүйе әлі аяқталған жоқ. АҚШ-тың әлемдегі ықпалы күн сайын азаюда» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар