Ұшатын таксидің жылдамдығы арттырылады

Ұшатын таксилер 2022 жылы қызметке беріледі.

Ұшатын таксидің жылдамдығы арттырылады

Ұлыбританиядағы «Vertical Aerospace» компаниясы жылдамдығы сағатына 300 км болатын ұшатын таксилерді 2022 жылы қызметке береді.

«Times» газетінің хабарына қарағанда, компанияның қазіргі ұшатын таксиі сағатына 160 километр жылдамдықпен ұшады.

Осы көрсеткіш алдымен 300, артынан 500 километрге жеткізіледі.

Осылайша Ұлыбританияның бас қаласы Лондоннан Францияның бас қаласы Парижге ұшатын таксимен жетуге болады.

Ұшатын таксиге қонатын жолақ керек емес. Ол тігінен көтеріліп,  тігінен қона алатын ерекшелікке ие болады.  осылайша ұшатын такси арқылы әуежайларының жүгі жеңілдетіліп, жолаушылардың ісі азайтылады.



Ұқсас жаңалықтар