Путин бейбітшілік ұсынды

Ресей басшысы Жапонияға келісімге қол қоюды ұсынды.

abe-cinping-putin.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Жапонияға биылдың аяғына дейін бейбітшілік келісіміне қол қоюды ұсынды.

Путин Владивосток қаласында өтіп жатқан 4-ші Шығыс экономикалық форумда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің келіссөздер жөніндегі сөзі барысында ұсыныс жасады.

«Қанекей, бейбітшілік келісіміне қол қоялық. Биылдың аяғына дейін. Ешбір алғы шартсыз. Артынан осы келісім бойынша дос ретінде барлық проблеманы талқылай отырып шешуді жалғастырамыз» деді ол.

Ресей мен Жапония Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін орыстар Курил аралдары,  Жапония Солтүстік аймақтары деп атайтын жер үшін келіспей,  бейбітшілік келісіміне қол қоя алмаған болатын.

Кеңес Одағы 1949 жылы аралды бақылауға алып,  жапон азаматтарын қуып жіберген еді.

Бейбітшілік келісімі үшін 2014 жылы басталған келіссөз болса Украина дағдарысына байланысты тоқтап қалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар