Османлы болып шықты

Бразилиядағы саясат қайраткері Османлы тегінен шыққан.

Османлы болып шықты

Бразилияда қамауға алынған президент Луи́с Ина́сиу Лу́ла да Си́лваның орнына үміткер ретінде көрсетілуіне рұқсат берген Фернандо Хаддад Османлы тегінен болып шықты.

Лула да Силва 7 қазан күнгі сайлауда үміткер болмайтынын,  Жұмысшы партиясының Фернандо Хаддадты үміткер ретінде көрсетуіне рұқсат бергенін хабарлаған болатын.

Хаддадтың Османлы текті екені ортаға шықты.

Үш балалы үйдің ортаншасы Фернандо Хаддадтың әкесі Халил 1947 жылы 24 жасында Ливаннан Бразилияға көшіп барды.  Анасы да Бразилияда туған ливандық Норма Тереса Гуссаин.

Фернандоның атасы Хабиб болса Түркияның Хатай қаласындағы Православ шіркеуінің бас монахы болатын.  Ол Бірінші дүниежүзілік соғысы барысында Османлы империясы кезінде француз әскерлеріне қарсы күрескен көшбасшылар арасында еді. Ата Халил Хаддад 1961 жылы Бразилияда дүниеден өткен.

Осы арада елдегі сайлау сауалнамаларына қарағанда асыра оңшыл саясат қайраткері Болсонаро алда келеді.



Ұқсас жаңалықтар