Мистура Түркия, Ресей, Иран лауазымдыларымен бас қосты

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура мен кепілгер елдер арасындағы Сирия Атазаңы Комитеті жайлы ресми жиналыстар аяқталды.

Мистура Түркия, Ресей, Иран лауазымдыларымен бас қосты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура мен кепілгер елдер Түркия, Ресей және ирандық лауазымдылар арасында Сирия Атазаңы Комитеті тақырыбындағы ресми жиналыстар аяқталды.

Швейцарияның БҰҰ Женева офисінде 4 сағатқа созылған жиналыстың артынан Мистура және қатысушы ел өкілдері кезкелген мәлімдеме жасамады.

Мистураның 18 қыркүйек күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде үн қатып, Женева келіссөздері туралы мағлұмат беретіні білдірілді.

Женевада екі күнге жалғасқан жиналыстарда Түркияның атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал басшылық жасаған делегация, орыс делегациясы атынан Ресей Федерациясының Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентиев пен Иран делегациясы атынан Сыртқы істер министрі орынбасары Хүсейин Джабири Энсари өкілдік жасады.

БҰҰ арнайы өкілі Мистура жұма күні «шағын топ» деп атаған Мысыр, Франция, Германия, Иордания, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания және АҚШ өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.

Мистураның жұма күнгі жиналыстарда кепілгер елдермен жүргізген келіссөздері жайлы «шағын топпен» кеңесетіні атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар