Малидегі гуманитарлық проблемалар күрделенуде

Малиде әскери күштер мен қарулы топтар арасындағы қақтығыстардың салдарынан биыл 50 мыңнан астам адам елді-мекенін тастады.

Малидегі гуманитарлық проблемалар күрделенуде

Африка елі Малиде биыл әскери күштер мен қарулы топтар арасында шыққан қақтығыстар себепті 50 мыңнан астам адам елді-мекенін тастауға мәжбүр болды.

Жергілікті баспасөзде шыққан хабарларға қарағанда шамамен 20 миллион тұрғыны бар Малидегі қауіпсіздік жағдайы және қақтығыстар гуманитарлық дағдарысқа жол ашты.

Шыққан қақтығыстарды тоқтату мақсатты үкімет пен елдің солтүстігінде автономия құрғысы келген қарулы топтар арасында Алжир мен Чадта жүргізілген келіссөздердің артынан 2015 жылы қол қойылған бейбітшілік келісіміне қарамастан елдегі этникалық қақтығыстар жалғасуда.

Ел астанасы Бамако, Кидаль, Менака, Гао, Тумбукту Тауденит, Мопти және Сегоу сияқты қалаларда армия мен қарулы топтар арасында шыққан қақтығыстар және ру тайпалар арасындағы қақтығыстар себепті 50 мыңнан астам адам елді мекенін тастап кетуге мәжбүрленді.



Ұқсас жаңалықтар