Басрада Ирак премьер-министрі протест етілді

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади оңтүстіктегі Басра қаласына сапары кезінде протест етілді.

Басрада Ирак премьер-министрі протест етілді

Ереуілші Рафид әл-Кенани жүздеген адамның премьер-министр Ибади мен басқа үкімет мүшелерінің Басраға сапары кезінде ұрандармен протест етілгенін атап көрсетті.

Ереуілдердің негізгі қызметтерді қамтамасыз етуде үкіметтің заңдық міндетін орындау сұранысы жасағанын білдірген Кенани Басра тұрғындарының электр, су және жұмыссыздық мәселесіне дереу шешім табылуын талап еткенін тілге тиек етті.

Басралық депутат Хасан Халлати болса Мәжілісте ұйымдастырған баспасөз жиналысында қаланың 25 депутаты ретінде премьер-министр Ибадиге Басра операциясы қолбасшысы Джемил эш-Шемридің міндеттен босатылуын талап еткенін жариялады.

Ибади Басрадағы қызметтерді жақсарту мақсатты басталған жобаларды іс жүзінде қадағалау үшін кейбір министрлермен қалаға барған еді.

Өткен аптадағы наразылық шерулері кезінде 10-нан астам адам қаза тапқан болатын.

Шерулер бастаған 8 шілде күнінен бері қаза тапқандардың жалпы саны   30-дан асты.



Ұқсас жаңалықтар