Афинадағы өрттен қаза тапқандар саны 99-ға жетті

Грекия астанасы Афиныға жақын орманда тұтанған өрттен қаза тапқандар саны 99-ға жетті.

Афинадағы өрттен қаза тапқандар саны 99-ға жетті

Грекия астанасы Афиныға жақын орманда тұтанған өрттен қаза тапқандар саны 99-ға жетті.

Грекия жедел құтқару ұйымынан жасалған мәлімдемеде Афины Evangelismos ауруханасында мөлшермен бір айдан бері емделіп жатқан 26 жасындағы бір әйелдің де көз жұмғаны білдірілді.

Осы бойынша мемлекет тарихындағы ең үлкен өрт апатында 16-сы ауруханада болып, қаза тапқандар саны 99-ға шықты.

Мәлімдемеде жарақат болған 17 адамның емделіп жатқаны, ауыр жарақат алған 3 адамның қиын күйде екені баяндалды. Өртте 83 адамның куәлігінің белгіленгені атап өтілді.

Елде соңғы он жылда осыншалықты ірі көлемде өрт болмаған. Бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланған. Билік өкілдері өртті сөндіру үшін жүздеген құтқарушы сонымен бірге әскерилерді де тартқан.

Өрт қатты желдің салдарынан тез тараған, бұл құтқару операциясын қиындатып жіберген. Орман өртінің басты себебі ретінде қатты ыстық ауа райы мен құрғақшылық айтылады.


Этикеттер: өрт , Грекия

Ұқсас жаңалықтар