Сомалидегі жанкешті шабуылда 6 адам қаза тапты

Ходан қалалық әкімшілігіне ұйымдастырылған жанкешті шабуылда 6 адам қаза тапты.

Сомалидегі жанкешті шабуылда 6 адам қаза тапты

Ходан қалалық әкімшілігіне ұйымдастырылған жанкешті шабуылда 6 адам қаза тапты.

Сомалидің астанасы Могадишодағы Ходан қалалық әкімшілігіне ұйымдастырылған жанкешті шабуылда 6 адам қаза тапты, 16 адам жарақат алды.

Қалалық әкімшілігінен алынған мағлұматтарға қарағанда Ходан қалалық әкімшілігі ғимаратының кіре берісінде бомба тиелген көлік жарылды.

Жарылыс салдарынан ғимарат үлкен зақымға ұшырады. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың көбінің мемлекет қызметкері екені білдірілді.

Ходан аймағы әкімшілік ғимаратына ұйымдастырылған шабуыл осы ай ішінде астанадағы үкімет офисіне жасалған екінші шабуыл болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар