Наваз Шарифтің жұбайы қайтыс болды

Наваз Пәкістанда жерленеді.

Наваз Шарифтің жұбайы қайтыс болды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі,  қазір түрмеде отырған Наваз Шарифтің жұбайы Бегүм Гүлсім Наваз қайтыс болды.

Наваз Шарифтің інісі және Пәкістан Мұсылман лигасы-Наваз одағының лидері Шахбаз Шариф Лондонда бір жылдан бері емделіп жатқан Гүлсім Наваздың дүниеден озғанын білдірді.

Гүлсім Наваздың Шарифпен отасқанына 46 жыл болды,  4 баласы бар.

Наваздың жаназа рәсімі Пәкістанда жұма күні өткізіледі. Пәкістан баспасөзі Наваз Шариф пен қызы Мәриямның жаназа рәсіміне қатысу үшін 5 сағат рұқсат берілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар